Коронавирус жұқтырғандар саны 66 адамға жетті

24 Наурыз 2020, 09:18
1840
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырғандар саны 66 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 66 адамға жетті, тағы екі адам Алматыда тіркелді, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Бүгін сағ, 9.00-дегі жағдайға сәйкес індетті жұқтырған 66 адам тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам,  Қарағанды қаласында -  2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы