Коронавирус жұқтырған Рахат Жақсыбай қандай ем қабылдап жатқанын айтты

16 Маусым 2020, 14:51
8535
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған Рахат Жақсыбай қандай ем қабылдап жатқанын айтты

Алматы, BAQ.KZ.  Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай facebook-гі парақшасына аурудан қалай емделіп жатқанын жазды.

Қандай симптомдар болды? Жоғары температура. 39-дан асты алғашқы күндері. Жөтел. Бірден басталып кетті. Көздің айналасы ауырады. Әлсіздік. Әріптесім, досым Нұрсұлтан Ибрагимовте иіс сезбеу, дәм сезбеу болды. Менде ондай болған жоқ,-деп жазды ол.
Сонымен қатар ол аурудың қалай анықталғанын да жазды.
Симптомдар білінген күннің ертесіне жедел жәрдем шақырдым. Алдымен, қан арқылы экспресс-тест жасады. Негатив көрсетті, яғни жоқ деді. Сосын бірден емханаға апарып, ПЦР тапсырдым. Нәтижесі тек 5 күннен кейін шықты. Осы күндері үйде емделдім,-дейді Жақсыбай.

Сондай-ақ ол ауруханада қандай ем алып жатықанын да жазды.
Ауруханаға келгенде мен жақсы боп келдім. Орта дәреже деп айтты. Цевтазидим берді, укол. Ингаляция, ауыз шаятын тұнбалар. Алувия алудан бас тарттым. Азитромицин (сумамед),-дейді ол.

Ол вирусты қалай жұқтырып алғанына да тоқталды.
Айту қиын. Бірақ соңғы күндері өте көп адам түсіп жатыр. Отбасылармен. Үлкендер. Жастар. Балаларымен. Топ-тобымен келіп жатыр, орын жоқ. Жұмыста бір адамнан коронавирус шықты. Енді не істеген дұрыс? Паника жасаудың қажеті жоқ. Иммунитетіңізге мән беру керек. Дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау қажет. Алдын-ала әбігерге түсудің реті жоқ. Бірақ бей-берекет жүре де бермеу керек сияқты қазір. Симптомсыз түрінде басқаларға жұғу ықтималдығы төмен деп жатыр. Симптом болса, бірден дәрігерге хабарласыңыз,деп жазды Р. жақсыбай.

Ол коронавирустың әдеттегі тұмаудан ерекше екеніне де тоқталды.
Тұмауда температура бірден тиісті ем-дом қабылдасаң түседі ғой. Бұл жолы ұзақ тұрды жоғары температура. Әр адамда әртүрлі өтуде. Бір танысымда 37 градустан көтерілмепті. Бір танысымызда мүлде қызу болмаған, бірақ иіс, дәм сезбейді. Бір кісіде барлығы қатар болды. Көздің түбі ауыратыны - бір маңызды симптомның бірі,-дейді ол.

Оның айтуынша, коронавирус қауіпті. Әр адамға жасына, денсаулық күйіне, иммунитетіне байланысты әртүрлі әсер етуде. 
Ауыр формасы расында ауыр өтуде. Диагноз қойылғанымен, өзінің сырқатына сенбей жүргендер бар. Жеңіл формада өтіп жатса немесе мүлде сізге келмеген болса, қуаныңыз. Ауырмаған жақсы емес пе? Үлкен кісілерді абайлау керек бірақ. Қарт кісілерге оңай соғып жатқан жоқ. Коронавирус екінші толқыны жүріп жатқан сияқты. Қазір тұмаудың да маусымы,-деп жазды ол.



Өзгелердің жаңалығы