Бас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған 14 айлық нәресте жазылып шықты
14 Ақпан 2020, 20:48 502

Коронавирус жұқтырған 14 айлық нәресте жазылып шықты

Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған 14 айлық нәресте бейсенбі күні Қытайдың Хубэй провинциясы ауруханасынан шығарылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Кішкентай бала ауруханаға 26 қаңтар күні жеткізілген. Алты күнге дейін баладан диарея мен құсу байқалған. Одан емделген соң балада ентігу болған, кейін ол оқшауланған интенсивті терапия  бөліміне ауыстырылған. Тексерістерден кейін оған COVID-19 жұқты деген диагноз қойылыпты.

 Көп ұзамай бұл бала коронавирус жұқтырған алғашқы нәресте ретінде тіркеледі әрі жағдайы ауыр халде деп танылған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...