Коронавирус. Зайсанда шу шықты

19 Ақпан 2020, 23:21
7518
Бөлісу:
Коронавирус. Зайсанда шу шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданының Сарытерек ауылының тұрғындары бүгін 19.02.2020 сағат 15:00 наразылықпен ауылдың амбулаториясының алдына жиналды. 

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазып жатыр.

Бүкіл бір ауылдың тұрғындары наразылыққа жиналды. Ауылдың тұрғындарын еш ескертусіз аудандық аурухананың бас дәрігері мен оның орынбасарлары мынау бұйрық деп бір жапырақ қағазбен ертең таңертең Қазақстан мен Қытай мемлекетінің Майқапшағай шекара бекетінен автобуспен қытайдан бері келген жолаушыларды Қытайдағы аты шулы коронавирусқа байланысты, Зайсанға Қытайдан келген адамдарды 14 күн Сарытерек ауылдық амбулаториясына жатқызып бақылау жасамақ екен, - делінген әлеуметтік желіде тараған ақпаратта.

Бізге жеткен ақпаратқа сүйенсек, ауылдық амбулаторияны ауылдық мәдениет үйіне көшірмек. 

Амбулаторияға шекарадан кірген жолаушыларды жатқызбақ екен. Ауылдың амбулаториясына төсектерді кіргізіп тастапты, ауыл халықты аудан билігі, жауапты мекемелер құлақтандыру жұмысын жүргізбегеніне, ауыл халқы шулап, ауыл ақсақалдары "бізді адам санап отырған жоқсыңдар, аудан әкімі С.Ақтанов қайда" деп келуін талап еткен. Екі сағат күткен халыққа аудан билігінен бірде-бір шенеунік келмеген, - делінген ақпаратта.

Халық Қытайда әлем назарын тігіп, өзге мемілекеттер шекара бекетін жауып жатса мынау қандай әрекет деп наразылық білдіріп жатыр.

Бұндай жағдайда сақтық керек болса, неге ауыл ішіне әкеліп отыр. Халық осыған наразы. Бұдан бөлек Зайсан ауданында Айнабұлақ ауылында ауылдың амбулаториясына шекарадан өткен жолаушыларды  апарады екен. Оны ауданның бас дәрігері айтты. Міне, қазір сағат түнгі 21:00 Сарытерек ауылының тұрғындары ауылдың амбулаториясының алдында жүр. Аудан әкімдігінен тірі пәнде келген жоқ. Халық бұл келетін жолаушылар қауіпті болмаса, бар жағдайы жасалған аудандық аурухананың жанында жұқпалы ауру бөліміне (инфекционный) жатқызбай ма, ол жерден арнайы мамандар, қажетті жабдықтарымен қамтылған деген тұрғындардың сұрақтары қарша борады. Ауыл тұрғындары әлі басылар емес, - дейді желі қолданушылар.

Өзгелердің жаңалығы