Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды. Бұл туралы брифингте ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Ол Италияның Милан қаласынан еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурызда келген, - дейді Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, ол 1860 адам мониторингте , яғни бақылауда екенін айтты.
1908 адам карантинде болды, тағы бір адам италиядан келген әйелден індет белгілері анықталды, ол кісі Миланнан Нұр-Сұлтанға келді. Ол әйелмен бірге келген бортттағы адамдар да тексерілуде. Тығыз байланыста болғандардың бәрі тексерілуде, карнатинге жатқызылады. 13 наурызда Ресейден келген борттағы 90 адамның ішінде Италиядан келген жолаушы әйел болған. Бізге келетін жолаушылардың барлығы анықтама парағын толтырады. Осылайша келген бағытын анықтаймыз, жол бағытын жасырып жатқандар да бар - деді ол.Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов екі қазақстандықтан коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус белгілерімен тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатыр.