Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
Қожахметовтың айтуынша, 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққан науқастардың жалпы саны 106 661 адамға жеткен.
Оның ішінде жазылып шыққандар 100 409 адам, яғни 94,1%, 1 656 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 161 адам аурудан айықты. Қазіргі уақытта 4 596 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Оның 34-і бала, - деді ол.
Соңғы бір тәулікте 77 адам ауру жұқтырды. Коронавирусқа ұқсас белгілері бар, бірақ ПТР сынақтың теріс нәтижесі шыққан 28 928 жағдай тіркелді. Оның ішінде 6 642 науқас емделіп шықты. Соңғы бір күннің ішінде 353 науқас тіркелді. ПТР сынақ нәтижесі теріс болған науқастардың найтыс болған саны – 318.
Тамыз-қыркүйек айларында симптомды және симптомсыз коронавируспен ауыру статистикасы біріктірілген болатын. Мұндай тәжірибе болжамдар жасайтын және медицина мүмкіншілігін есептейтін сарапшылар үшін ғана тиімді екеніне көзіміз жетті. Ал қоғамда сандарды шатастырып, түсінбейтін тұстары көбейіп кетті. Сол себептен күн сайын жарияланатын мәліметтерді екіге бөліп беруді тоқтаттық, - деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, егерде БАҚ-ы статистика деректерін ажыратып беруді сұраса, онда сұрау хат арқылы жауап беруге дайын екендерін айтты.