Коронавирус: Круиздік лайнердегі 4 қазақстандықтың ішінде балалар жоқ

17 Ақпан 2020, 17:36
1774
Бөлісу:
Коронавирус: Круиздік лайнердегі 4 қазақстандықтың ішінде балалар жоқ
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар бойынша жетекші маман, профессор Динагүл Баешева Коронавирус жұқтырған жолаушылары бар Diamond Princess круиздік кемесіндегі төрт қазақстандықтың жағдайы туралы айтты. 

Жолаушылардың арасында балалар жоқ. 

Денсаулық сақтау министрлігі олармен үнемі байланыс орнатып отырады, олардың денсаулығы қанағаттанарлық. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, барлығы Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі. Жақын күндері олар анализ тапсыратын болады. Карантин аяқталғаннан кейінгі қабылданатын шаралар мен әрекеттер келісіледі. Лайнерде кішкентай балалар жоқ, - деп атап өтті жұқпалы аурулар бойынша бас маман Динагүл Баешева бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында. 

Оның айтуынша, лайнерде ересектер бар. Қазақстаннан келген жолаушылардың арасында балалар жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың кесірінен карантинге алынған Diamond Princess круиздік кемесінде төрт қазақстандық бар. Бұған дейін, Жапонияда бортында 3700 жолаушы бар круиздік кемеге карантин қойылғандығы, олардың біреуі коронавирус тапқандығы туралы хабарланған болатын. Үш күннен кейін 70 науқас жолаушының бар екені белгілі болды, ал 10 ақпанда олардың саны 130-ға жетті.

Ауруға шалдыққандар арасында Ресей азаматы да бар.

Өзгелердің жаңалығы