Коронавирус: Батыстағы әскерилердің 90%-ы вакцина алды

5 Мамыр 2021, 14:38
1190
Бөлісу:
Коронавирус: Батыстағы әскерилердің 90%-ы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына вакцина егілді, деп хабарлады ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі. 

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде егу үшін жылжымалы вакцинациялау пункттері ұйымдастырылды. 

Персоналды вакцинациялау ерікті түрде жүзеге асырылды. Барлық дәрежедегі командир мен медициналық қызмет өкілі вакцинацияның артықшылығы мен қажеттілігі туралы жеке құраммен түсіндіру түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Әскери қызметшілерге Қазақстанда жасалған Sputnik V және QazVac вакциналары егіледі. Әскери бөлімдерде жеке құрамға егілу жұмыстарын жылжымалы вакцинациялау топтары өткізді. Вакцина барлық санаттағы әскери қызметшіге, әсіресе инфекциялану қаупі жоғары болып тұрған жаңа толысымдағы сарбаздарға жүргізілді.

Коронавирус: Батыстағы әскерилердің 90%-ы вакцина алды

Бүгін күні жеке құрамның шамамен 90%-ы вакцина алды. Ешкімде кері әсері байқалмады, әскери қызметшілер өздерін жақсы сезінуде. Егілу жұмыстары кезең-кезеңімен бөлімшелер құрамында өтуде, денсаулық жағдайына байланысты кейбір әскери қызметшінің егілу жағдайы тұрақтанған соң жүргізілетін болады, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқармасының медициналық қызметі бастығы, медициналық қызмет майоры Нағысхан Оразымбетов.

Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері вакцинаның бірінші компонентін қабылдауды аяқтауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы