Коронавирус: Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енді – министр

17 Наурыз 2020, 12:29
19067
Бөлісу:
Коронавирус: Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді. 

Сонымен қатар, бүгіннен бастап бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне кірді. 

Жаңа қаулысы бойынша қосымша бірнеше мемлекеттермен санитариялық режим күшейтілді. "1А" санатқа азаматтар міндетті түрде карантинге жатқызылатын мемлекеттердің ішінде Франция, Иран, Италия, Испания және Германия. "1В" санатқа Қытай, Корея Республикасы, бүкіл Шенген аймақтағы мемлекеттерінен келген азаматтар міндетті түрде үй карантинге жатқызылады. Бұрын "1А" және "1В" санаттағы елдерден келген шетелдік азаматтарға елге кіруге тыйым салынған болатын, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Екінші категория бойынша Филиппин, Катар, Үндістан, Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзербайжан, Таиланд, Америка Құрама штаттарынан елге оралған азаматтарға медициналық мониторингке алынады. Жұмыс әрі қарай жүргізіледі.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда 14 науқас жаңадан коронавирус жұқтырғаны анықталды. Сонымен, Қазақстан бойынша 27 адам коронавирус жұқтырған, 1536 адам стационарда, ал 1094 адам үй карантинінде жатыр.

Коронавирус елімізге таралғаннан кейін мемлекет басшысы төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Оның 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы