Коронавирус. Қазақстанда сырқаттар саны 8 адамға жетті

15 Наурыз 2020, 13:08
2872
Бөлісу:
Коронавирус. Қазақстанда сырқаттар саны 8 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда тағы 2 адамның коронавирустық инфекция тестілеуі расталды.  Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-көрсетілім арқылы айтты.

Бүгін тағы екі адам тіркелді. Бірінші адам – әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда жатқан күйеуінен анықталған болатын. Екінші науқас ересек кісі. Сеул-Алматы рейсімен келген. 130 жолаушы түгел стационарлық бақылауға жатқызды... Сонымен жалпы қазір Қазақстанда 8 науқас тіркелді, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

15 наурызда тіркелген бірінші адам 1959 жылы туған әйел Алматыда стационарда жатыр. Бұған дейін оның жұбайынан коронавирус анықталған соң ол да карантинге жатқызылған болатын. Олар Мәскеу-Алматы рейсімен келген. 

Екінші адам – 1995 жылы дүниеге келген жігіт. 

Қазіргі уақытта олардың туыстары немесе жақын контактілері оқшауланды.

Өзгелердің жаңалығы