Коронавирус. Тоқаев Ұлттық аза тұту күнін белгіледі

8 Шілде 2020, 20:37
2559
Бөлісу:
Коронавирус. Тоқаев Ұлттық аза тұту күнін белгіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде айтты. 

"Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, - деді Президент. 

Мемлекет басшысы күрес мұнымен тоқтамайтынын айтты. 

Біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсені түсіруге болмайды. Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз - айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек, - деді ол. 

Тоқаев күрделі жағдай кезінде ел арасында жалған әңгіме көп тарап жатқанын айтты. 

Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды азаматтардың әрекеттері болды. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы