Нұр-Сұлтан, BAQ.kz. Коллекторларды Нұр-Сұлтан мен Алматының қарыз алушыларына сағат 16.00-ден кейін қоңырау шалу тоқтатылды.
Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы - барлық коллекторлық агенттіктерге төтенше жағдай режимі мен карантиндік іс-шаралар қолданылатын кезеңде кейбір уақытша шектеулерге қосылуға және ұстануға ұсыныстар жариялады. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры Александр Терентьев мәлім етті.Атап айтқанда, ұлттық коллекторлар палатасы қызметкерлерді төтенше жағдай аяқталғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді ұсынды.
Нұр-сұлтан және Алматы қаласы бойынша қарыз алушылармен жеке кездесулерге, қарыз алушыларды байланысты толығымен тоқтатуға, карантинге жабық тұрғын-үй кешендерінде, үйлерде орналасқан борышкерлермен өзара іс-қимылдың барлық түрлерін тоқтата тұруға шақырды.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша сағат 16.00-ден кейін қарыз алушыларға қоңырау шалу тоқтатылылсын. Несие берушілердің қарыз алушыларға сотқа талап-арыз беруі үшін материалдар дайындауды тоқтатсын, - деп мәлімдеді коллекторлар палатасының қызметкерлері.
Өз кезегінде, Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті.
Коллекторлық агенттіктер үшін Байланыс ақпараты: +701-887-74-01;
Қарыз алушылар шағымдар мен өтініштерін: +7 700-183-83-03 нөмірі бойынша немесе info@collectors.kz саиты бойынша бере алады.