Көлгінов: Елорда – спортпен айналысуға қолайлы шаһар

12 Ақпан 2021, 21:30
1714
Бөлісу:
Көлгінов: Елорда – спортпен айналысуға қолайлы шаһар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада жаңадан ашылған «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде спорттың осы түрінен қала чемпионаты басталды.

Елордамыз – спортпен айналысуға қолайлы шаһар. Қаламызда спорттық кластер қалыптасқан. Сонымен қатар, халықаралық талаптарға сай бірқатар ірі спорт мекемелері ашылды. Бүгін жаңа «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде спорттың осы түрінен қала чемпионаты басталды. Бұл – су жаңа кешенде өтіп жатқан алғашқы спорттық іс-шара. Жарысқа еліміздің әр өңірінен спортшылар келді. Іс-шара санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, көрермендерсіз ұйымдастырылды, – деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, спорт кешенде халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізіп қана қоймай, балаларды спортқа баулуға болады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес салынып, былтыр күзде ашылған болатын. Ол IAAF-тың барлық талаптарына сәйкес келеді: мұнда республикалық және халықаралық жарыстарды, соның ішінде - әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарын өткізуге болады. Спорт кешенінде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, тренажер залы және ядро лақтыруға, биіктікке, ұзындыққа секіруге арналған секторлары бар қыздырғыш трек; балалар алаңы, бассейндер және т. б. бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, спорт нысандарын қолжетімді етіп, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жұмыс істейміз. Балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияларды қолдаймыз, – деді қала әкімі.

Қаланың спорт мекемелері тек кәсіби спортшылардың ойындары мен жаттығулары ретінде ғана емес, сонымен қатар балалар спортпен шұғылданатын база ретінде де қолданылады.

Өзгелердің жаңалығы