Көлгінов Astana LRT құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты

30 Маусым 2021, 13:14
2771
Бөлісу:
Көлгінов Astana LRT құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазір құрылыс маусымы басталған соң Astana LRT бойынша жұмыстар қайта жанданды. Талаптар келісімде көрсетілгендей қалды. Қытай және отандық серіктестер келісім бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ ол айтарлықтай белсенді емес. Белсенді жұмыс қаржы түскен кезде басталады. Қазір байқау өтіп жатыр. Банктарды таңдау қарастырылуда. Қаржы көзі анықталған соң жұмыс белсенді бола түседі, - деді Көлгінов. 

Ол атағандай, бетон, құрылыс-монтаж жұмысы басталмай тұрып техникалық сараптама жүргізіледі.

Техникалық бақылау қызметі бар. Тексеру бойынша сарапшылар жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ол. 

Айта кетейік, Көлгінов осыған дейін қызметтік көліктен бас тартқанын және қазір такси қызметін қолданатынын айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы