Кірістер бойынша жоспар 125 млрд теңгеге орындалмады – Қаржы министрі

9 Маусым 2020, 10:06
1590
Бөлісу:
Кірістер бойынша жоспар 125 млрд теңгеге орындалмады – Қаржы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Мемлекеттік бюджетке 3 трлн 420 млрд теңге кіріс түсті. Жоспар 102,9%-ға атқарылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

Мемлекеттік бюджетке 3 трлн 420 млрд теңге кіріс түсіп, жоспар 102,9%-ға атқарылды.Республикалық бюджетке 2 трлн 111 млрд теңге кіріс түсті немесе жоспар 94,4%-ға атқарылды. Кірістер бойынша жоспар 125 млрд теңгеге орындалмады, - деді Ерұлан Жамаубаев. 
Министр сыртқы факторлар аясында жоспардың орындалмауына төтенше жағдай кезеңінде бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар әсер етіп жатқанын айтты.
Салық түсімдерінің азаюы сәуір айынан басталып, биылғы жылдың мамыр айында жалғасты. "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі деректері бойынша кәсіпкерлік белсенділіктің ең көп төмендеуі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. 2019 жылғы мамырмен салыстырғанда 54%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге тауарларды өткізу бойынша айналымдар төмендеген. Негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалар 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда орта есеппен 16,4%-ға және жыл басынан бері 13,2%-ға төмендеді. Бұл тау-кен өндіру саласынан түскен салық түсімдеріне әсер етті. Төмендеу 361 млрд теңгені, төмендеу қарқыны 43,6%-ды құрады, - деді ол.
Министр іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жоспар 76 млрд теңгеге орындалмағанын айтты. 
Негізгі себеп - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚҚС қайтару сомасының 1,8 есеге немесе 167 млрд теңгеге өсуі, - деді министр.
Ерұлан Жамаубаев жергілікті бюджеттердің өз кірістері 120,4%-ға атқарылып, 1 трлн 309 млрд теңгені құрағанын айтты. 
Жоспар 222 млрд теңгеге асыра орындалды, оның ішінде 224 млрд теңге – салықтар есебінен. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы