Бас жаңалықтар
Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларын 500 мың компьютермен қамтамасыз етеді - Мамин
04 Тамыз 2020, 09:58 581

Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларын 500 мың компьютермен қамтамасыз етеді - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.

Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты бұдан да жандандыру керек. Қашықтықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек, - деді ол. 
Министр атағандай, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютерді беруді қамтамасыз етеді.
Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын.Сондай-ақ келесі мәселеге баса назар аударғым келеді, - деді ол. 

Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.

Бірінші. Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен мұғалімдердің оқу жылының қашықтықтан басталуына толық дайын болуын қамтамасыз етсін. Мұғалімдер тиісті оқудан өткізілсін. Интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контент толық көлемде дайындалсын. Оқулықтар 25 тамызға дейін берілсін.  Оқулықтардың қағаз жүзіндегі нұсқаларының бәрінде міндетті түрде электрондық нұсқалары болуы тиіс, оларды ашық қолжетімділікте орналастыру керек, - деді ол. 

Асқар Мамин цифрлық даму министрлігіне де тапсырма берді.

Екінші. Цифрлық даму министрлігі әкімдіктермен және байланыс операторлармен бірлесіп, білім беру ресурстарының қолжетімділігі мен орнықтылығын, сондай-ақ елді мекендерде интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етсін, - деді ол. 

Әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі де назардан тыс қалмады. 

Үшінші. Әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі оқу орындарында, әсіресе оқытуды дәстүрлі ашық түрде жалғастыратын және «кезекші» бастауыш сыныптары бар мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.Жалпы, жаңа оқу жылының басталуына барлығымыз үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...