Ким Чен Ын ақбоз атпен тауға шықты

16 Қазан 2019, 14:01
2430
Бөлісу:
Ким Чен Ын ақбоз атпен тауға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Кореяның күн көсемі Ким Чен Ын киелі Пэктусан тауына көтерілді. Бұл туралы Zakon.kz Кореяның Life орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын Корей түбегіндегі ең биік таудың басында алғаш қар жауғанда ақбоз атымен шықты. 

"Оның атқа мініп Пэкту тауына шыққаны корей революциясы тарихындағы аса бір зор маңызы бар оқиға болып саналады. Тауға атпен көтерілген ол әлемдегі ең қуатты мемлекет құрылысы жолындағы өзінің күресін еске түсірді", - делінген мақалада.

Пэктусан – Корей түбегінің ең биік жері, теңіз деңгейінен 2750 метрді құрайды. Аңыз бойынша, ол таудан корей халқының негізін қалаушы Тангун түскен екен, сол себепті бұл тау киелі болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы