Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі хром қосындылары зауытында болған төтенше жағдайға қатысты үш күдікті ұсталды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.
Олар учаске шебері және бөлім, цех басшылары. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, өткен аптада кәсіпорында сыйымдылығы 50 текше метр болатын құбырды тазарту барысында төрт жұмысшы опат болып, екеуі ауруханаға түскен еді.