Ханс Клюге: ДДСҰ COVID-19 індетін жіктеу үшін жаңа кодтар енгізді

17 Шілде 2020, 16:47
2099
Бөлісу:
Ханс Клюге: ДДСҰ COVID-19 індетін жіктеу үшін жаңа кодтар енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа бойынша аймақтық директоры доктор Ханс Клюге бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде жолдаған бейнежолдауында айтты.

Соңғы бірнеше ай ішінде COVID-19 індеті және онымен күрес шаралары туралы жаңа мәліметтер ала отырып, ДДСҰ осы ауруды жіктеу үшін жаңа кодтар енгізді. Қазақстаннан пневмония жағдайларының айтарлықтай артуы туралы хабарлама келді, оның артуына бір себеп COVID-19 болған еді. Мен ДДСҰ-ның референс-зертханасында тестілеу мүмкіндігіне келісім берген министрлікке алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі аурудың жаңа жіктемесін пайдалану туралы шешім қабылдады. Бұл COVID-19 инфекциясы болуы мүмкін бар пациенттерді дұрыс жіктеуге мүмкіндік берді. Мұндай қадам Еуропалық аймақтағы және әлемдегі әрбір ел аурулардың халықаралық жіктелуіне сәйкес ауруларды жіктеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, - деді Ханс Клюге.

ДДСҰ өкілінің айтуынша, әрбір ауру үшін деректерді жинау мен салыстыруды стандарттауға мүмкіндік беретін код тағайындалады. 

Бұл процесс АХЖ-10 жіктемесінде (аурулардың халықаралық жіктемесі) COVID-19 кодтарын тағайындауға қатысты медицина қызметкерлерін оқыту процесімен қатар жүреді. Мен нақты деректер негізінде саясатты қалыптастыру мен ашықтықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын осы модельді бірқатар ел ұстанады деп үміттенемін, - дейді дәрігер.
Өзгелердің жаңалығы