Кейбір облыста жыл сайын өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуі байқалады

14 Маусым 2021, 14:42
3844
Бөлісу:
Кейбір облыста жыл сайын өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуі байқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Бұл саладағы негізгі мәселелердің бірі - қорлардың төмен деңгейде толықтырылуы болып табылады. Бүгінгі күні пайдалы қазбалар өсімінің қатты пайдалы қазбалар бойынша оларды өндіру көлеміне арақатынасының коэффициенті орта есеппен - 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша - 0,9 құрайды. Сонымен қатар Қазақстанда көмірсутектер және ҚПҚ бойынша да үлкен перспективалар бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз геология саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеуге кірістік. Толық зерттелмеген шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін анықтау және тау-кен аудандары шегіндегі «терең горизонттарды» зерттеу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру аумақты зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары кезінде халықты жұмыспен қамтуға, инвестициялар тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу мен пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізеді, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Биыл «Ұлттық минералды ресурстар банкі» ақпараттық жүйесі пайдалануға беріледі. Министр атап өткендей, жүйе инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізу мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. 2020 жылы барлау/өндіру, геологиялық ақпаратты сатып алуға лицензиялар беру секілді бірқатар бизнес-процесс әзірленді, мемлекеттік деректер базасымен интеграциялар жүргізілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы