Бас жаңалықтар
Келесі жылы жастарға үй алу үшін жеңілдетілген несие берілуі мүмкін
30 Қараша 2020, 15:31 2282

Келесі жылы жастарға үй алу үшін жеңілдетілген несие берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек айтты.

«Елорда жастары» бағдарламасы туралы айтып берді.

Өздеріңіз білетіндей, халық үніне құлақ асатын мемлекет туралы Президент айтқан болатын. Осы ретте қала әкімі Алтай Көлгінов тамыз-қыркүйек айларында жастармен кездесті. Сол кезде жастардың тарапынан ұсыныс түсті. Олар астана жастарының өзіндік ерекшеліктері туралы да айтты. Осындай жастардың мәселесін толыққанды шешетін «Елорда жастары» атты бағдарлама қабылдау бойынша ұсыныс келді. Ұсынысты әлеуметтік желілер арқылы жинадық. Ұсыныстарды жинап, бір бағдарламаға енгіздік. Оның ең біріншісі, жастардың әлеуметтенуі. Яғни олардың өсуіне ең алдымен не қажет? Ол – сапалы білім. Яғни, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау қажет. Екіншіден, оның күн көруіне, оқу бітірген соң ары қарай өсіп-жетілуіне мемлекеттік гранттар, сондай-ақ, спортпен айналысатын мүмкіндіктер болуы керек, - дейді Дәулет Кәрібек.

Осы ретте ол қаланың шет аймақтарында (мысла, Үркер, Интернационал) дене шынықтыру орталықтарын заман талабына сай салу көзделуде екенін айтты.

Жастардың арасында кәсіпкерлікпен айналысуға ыңғайлы жағдай жасау. Сонымен қатар, жастар практикасымен жұмысқа тұру процентін көбейту. Кәсіпкерлердің кәсібін ашуға қаржы қарастыру. Яғни, кәсіркерлер бағдарламасының бағытын кеңейту. Айтып кететін үшінші бағыт – жастар да отбасын құрады. 14-18 жас арасындағылар мектеп, колледж бітіреді, 18-21 жас аралығындағылар ЖОО-ларда оқиды, кейінгісі үлкен өмірге қадам басуы, отбасы құруы, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Ол айтқандай, қазір жастардың арасында ажырасу мәселелері, отбасындағы қылмыс мәселелері бар. 

Бір ауыз сөзбен айтқанда, «Отбасы бақытты болмай, Қазақстан бақытты болмайды». Сондықтан әр отбасының бақытты болуы үшін «Отбасыларды қорғау», «Отбасы – бақыт мекені» сияқты жобаларды іске асырудан бөлек, жастарға арналған жалға берілетін пәтерлерден басқа ТҚЖБ-мен бірге «Елорда жастары» деп аталатын жеңілдетілген несие беру бағдарламасын қарап жатырмыз. Бұл жоба бойынша ұсыныстарды қабылдап, қоғамдық кеңеске кейін мәслихатқа шығарып, қаржылық жағын қарастыратын боламыз, - дейді Кәрібек жаңа бағдарлама жайында.

Сонымен қатар, жастардың денсаулығы мен олардың өз уақытын тиімді пайдалануы маңызды екенін атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...