Қазірдің өзінде 20-дан астам жүкті әйел вакцинаға қызығушылық танытуда

11 Қараша 2021, 15:24
1793
Бөлісу:
Қазірдің өзінде 20-дан астам жүкті әйел вакцинаға қызығушылық танытуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева хабарлады. Оның айтуынша, қазірдің өзінде елде 20-дан астам жүкті әйелді вакциналау басталғанына назар аударды.

Ең алдымен, көптеген зерттеу жүргізілген. Коронавирустың салдарынан дерті асқынған әйелдер болды. Біз жүкті әйелдерді 16-дан 37 аптаға дейін екі компоненттен вакциналауды ұсынамыз. Сондай-ақ әйелдерге лактация кезінде босанғаннан кейін 42 күн өткен соң вакциналау ұсынылады, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Pfizer препаратын салдырғысы келетіндердің барлығы тұрғылықты жері бойынша емханаларға барып, тіркелуі керек.

Pfizer вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген. Екпе АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Оның тиімділігі 95%-ды құрайды. Бұл - Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Еске сала кетейік, бұған дейін 30 мыңнан астам алматылық ата-ана баласына вакцина салуға рұқсат бергені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы