Бас жаңалықтар
Қазандағы оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріндегі бақылау күшейтіледі
17 Мамыр 2021, 11:35 273

Қазандағы оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріндегі бақылау күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

Осы жылы порнографияны (2 546), экстремизмді таратқан 4,5 мыңға жуық (4 388) құқыққа қарсы шетелдік интернет-ресурстар анықталды.Олар туралы барлық ақпарат қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін «Киберқадағалау» арнайы ақпараттық жүйесіне енгізілген, - деді ол.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарының объектілері бүгінде көпшілік жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жатқызылған.

Мамыр айының басында Үкімет қаулысы бойынша осындай объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Егер бұрын бұл талаптар ұсынымдық сипатта болса, енді білім беру объектілері міндетті түрде жарақтандырылатын болады. Ол сондай-ақ террористік қауіп туындаған кезде педагогтар мен оқушылардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тәртібін қамтиды, - деді ол.

Баймұқашев айтқандай, Қазандағы оқиғаларға байланысты министрлікте ішкі істер органдарының басшылығымен шұғыл кеңес өткізілді.

Ұлттық білім беру жүйесі мекемелерінде балалар мен ересектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде білім беру органдарымен бірлесіп, барлық мектептердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейі тексеріледі. Жақында бұл жұмысты аяқтаймыз. Нәтижелері бойынша Үкіметке жалпы білім беру ұйымдарында техникалық нығайтуды және өткізу режимін күшейту бойынша ұсыныстар пакеті енгізіледі, - деді Баймұқашев.



Фото: дереккөз
Загрузка...