Қазақстандықтардың 60%-ы ғана онлайн оқуға дайын - халықаралық сарапшы

13 Сәуір 2021, 09:33
1888
Бөлісу:
Қазақстандықтардың 60%-ы ғана онлайн оқуға дайын - халықаралық сарапшы

Алматы, BAQ.KZ. II Нобель фестивалінің соңғы күні әлемдік және қазақстандық сарапшылар пандемияға кезіндегі білім саласының қиындықтары туралы бірнеше пікірталас өткізді.

Сарапшылар Қазақстандағы цифрландыру тең деңгейдегі білімге қол жеткізу мәселесін шеше алмай отыр деген ойда.

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) білім және дағдылар бөлімінің директоры және PISA негізін қалаушы Андреас Шляйхер Қазақстанда соңғы онжылдықтарда білім беру саласында өсу үрдісі байқалмағанын атап өтті.

Соңғы 20 жыл ішінде елдегі білім беру жүйесі өзгерген жоқ, бірақ қазіргі уақытта сауаттылық ашу білімді қабылдау емес, оны құрумен байланысты,- дейді ол.

Ол пандемия басталғалы интернет пен технологияларға қол жетімділіктің шектеулі болуына байланысты Қазақстандағы білім беру процесінде мәселелердің күрделене түскенін айтты.

Қазақстандықтардың 60%-ы ғана онлайн оқуға дайын, бірақ халықтың үштен бір бөлігі білім беру мақсатында қолданылатын технологияларға қол жетімсіз, ал қолжетімді адамдарда оларды дұрыс пайдалану дағдылары жеткіліксіз,-дейді сарапшы.

Шляйхер технология теңсіздікті күшейткенімен, дұрыс қолданылған жағдайда оны жеңуге көмектеседі деп санайды. Технологиялар оқушылар қалауына негізделген оқыту стилін өзгертіп, көптеген қолайсыздықтарды жеңе алады, сондықтан әлеуметтік оқытуға балама ретінде цифрлық технологиялар қабылдануы қажет.

Google корпорациясының білім беру саласына әсер етудің жаһандық көшбасшысы Дженни Магиера іс жүзінде цифрландыру салдарынан пайда болған теңсіздік бар екенін айтады.

Сандық алшақтықтың екі деңгейі бар: цифрлық қол жетімділік және цифрлық технологияларды қолдану деңгейлеріндегі алшақтық. Әлем өзгеріп, технология дамып келе жатқан заманда, ескі мәселелерді жаңа тәсілдермен шешуге мүмкіндіктер ашылады,-дейді ол.

Магиераның айтуынша Google теңсіздікті жеңу үшін 10 миллион доллар ақша бөліпті.

Біз өз өнімдерімізді икемді болуы үшін интерактивті платформаларды жетілдіру, мектеп басшылары мен мұғалімдерді қолдау мақсатында нұсқаулар жасау, және тұрақты интернетке қосылусыз пайдаланушыларға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін оффлайн функцияларын дамыту жұмыстарын жүргізіп келеміз,-деді ол.

Осы пікірталасқа байланысты жергілікті сарапшы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Күләш Шәмшідинова да пікір білдірді.

Теңсіздік жағдайын жақсарту үшін білім беру саясатындағы шешімдерге қатысатын, үкіметке ықпал етіп, қысым көрсете білетін мұғалімдер қауымдастықтарын құру керек,-дейді ол.

2021 жылдың 12-16 сәуірі аралығында Қазақстандағы Ғылым күніне орай Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін Нобель дәрістері аптасы басталды. Нобель дәрістері апталығы аясында Қазақстан мен Орталық Азия студенттері әлемдік деңгейдегі ғалымдарға өз сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы