Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?

5 Тамыз 2021, 11:15
3571
Бөлісу:
Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың медиация туралы не білетіндігі туралы әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелерін ұсынамыз.

Қазақстанда «Медиация туралы» заң 2011 жылдың 5 тамызында күшке енді. «Медиация» термині латынның «mediare» деген сөзінен шыққан, яғни аралыққа жүруді білдіреді.

Әртүрлі қақтығыстарға қатысушылар арасындағы көптеген даул мен келіспеушілікті сотқа дейін медиацияның көмегімен шешуге болады. Медиацияның сот ісін жүргізуге қарағанда артықшылығы - уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдеу, сондай-ақ жеке процедураның құпиялылығында.

Дауды шешудің бұл түрі бүгінде бүкіл әлемде кең таралған түрлердің бірі болып табылады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даудың 30-40% медиациялық рәсімінен өтеді, олардың 85% оң нәтижелерге қол жеткізді.

Ал қазақстандықтар медиация туралы не біледі?

Әлеуметтанулық сауалнамаға сот жүйесімен тікелей немесе жанама өзара әрекеттесу тәжірибесі бар респонденттер қатысты. Қазақстандықтардың сотқа жүгінуіне әкімшілік құқық бұзушылықтар, әртүрлі сипаттағы даулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар себеп болды.

Осы сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 15,9%-ы медиаторлардың қызметтерін пайдаланып үлгерген, ал болашақта азаматтық даулар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтармен қақтығыс жағдайында, олар қақтығыстарды шешудің осы түрін таңдайды .

Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (45,3%) дауларды медиациялық шешу әдісі туралы ештеңе білмейді.

Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?


1-сурет. Азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа дауларды шешу үшін сотқа дейінгі медиацияны, сондай-ақ кіші және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша татуласу шараларын қолдану мүмкіндігі туралы білесіз бе?

Қазақстандықтар медиация туралы не біледі?

Сауалнама кезінде респонденттердің басым бөлігі қажет болған жағдайда, дауды шешу үшін сотқа жүгінуді қалайтындар – 46,8%.

Зерттеу әдісі: Сауалнама әдісі респондентті тұрғылықты жері бойынша маршрут квотасының үлгісімен сұхбаттасу. 

Іріктеме - 14 облыстағы және республикалық маңызы бар 3 қаладағы қалалық және ауылдық елді мекендердің 53 елді мекендеріндегі 18 және одан жоғары жастағы 1200 респонденттер. Статистикалық қателік 2,95%-дан аспайды. Жүргізу мерзімі - қыркүйек 2019 жыл.  

Өзгелердің жаңалығы