Қазақстандықтар 20 млрд теңгеге жуық көлік салығын төлеген

7 Сәуір 2021, 10:44
1457
Бөлісу:
Қазақстандықтар 20 млрд теңгеге жуық  көлік салығын төлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7млрд теңге түскен. 

Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 млрд теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жібергеннен кейін 13,1 млрд теңге түскен. Мұндай статистиканы Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады. 

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылға көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет болатын,- делінген хабарламада.

2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. 

Осыған дейін 30 наурызда https://t.me/kgdmfrk Telegram арнасында көлік салығы бойынша сауалнама жүргізген. «Сіз 2020 жылға арналған көлік құралдары салықтың төленуге тиісті алдағы сомасын қалай білдіңіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылар келесідей жауап берген: 

 - сауалнамаға қатысқандардың 36%-і салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы білген;
- 30%-і банктің мобильді қосымшасы арқылы;
- 5%-і «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы Калькулятордың көмегімен өздері дербес есептеген;
- 21% респонденттер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы Калькулятордың көмегімен өз бетінше есептеген;
- 8%-і Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, кеңес алуды жөн көрді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді алғаш рет төлеу мерзіміне дейін «e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасына жіберетінін мәлімдеген. 

2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелген.

 



Өзгелердің жаңалығы