Қазақстандық вакцина неге ресейліктен кеш әзірленді?

9 Сәуір 2021, 09:23
2966
Бөлісу:
Қазақстандық вакцина неге ресейліктен кеш әзірленді?

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық QazCovid-in вакцинасы неге ресейлік «Sputnik V» вакцинасынан кейін әзірленгенін айтты.

Екі елді салыстыратын болсақ, Ресейде 6 вирусология орталығы бар. Өндіріс оларда жақсы дамыған. Қазір 6 зауытта «Sputnik V» вакцинасы өндіріліп жатыр. Бізде тек бір институт. Онда негізгі 56 әзірлеуші ғалым бар, - дейді ол.

Закарья айтқандай, 2 мың ғалым мен бір институт ғалымдарын салыстыруға болмайды.

Қазақстандық вакцина неге ресейліктен кеш әзірленді?

Бұл 4-5 есеге жұмыс күшінің аздығын білдіреді. Бүгінгі таңда вирусологтар мен технологтардың қажеттілігі тұр. Пандемия мен карантин кезінде вакцина әзірлеуді жылдам жүзеге асыру үшін бұл ауадай қажет, - дейді Күнсұлу Закарья.

Ол айтқандай, бүгінгі таңда вирусолог мамандарын дайындайтын оқу орны жоқ.

Сондықтан Білім жәре ғылым министрлігі тарапынан вирусолог мамандарын даярлау бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Келесі жылдан бастап вирусология мамандығы бойынша магистратура және докторантура ашылады. Біздің институтта сол мамандарды дайындайтын диссертациялық кеңес ашылады, - деді институт  диреторы.

Өз кезегінде қазақстандық вакцинаны әзірлеушілердің бірі, профессор Леспек Құтымбетов ресейлік вакцинаның не себепті ертерек дайындалуын түсіндірді.

Қазақстандық вакцина неге ресейліктен кеш әзірленді?

Ресей осыған дейін эболаға қарсы вакцина әзірледі. Оларда дайын платформа болғандықтан, коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеудің уақыты үнемделді, - деді Құтымбетов.

Айта кетейік, қазақстандық QazCovid-in вакцинасы алғаш рет таныстырылды.

Фото: Мұхтар Холдорбеков


Өзгелердің жаңалығы