Қазақстандық гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады

24 Қараша 2020, 14:54
3675
Бөлісу:
Қазақстандық гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбаев мүсінін мүсінші-гиперреалист, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетов ұлы ақынның 175 жылдығына арнап жасаған.

Қазақстандық гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады


 

Маған ешкім гиперреализм бағытын үйреткен жоқ. Мен оны 2010 жылы бастадым. Шетелде өнердің қалай дамитынын көргенде біздің өнер неге артта қалуы керек? Мен де оқимын, ізденемін, жасаймын деп шештім. Содан бері осы бағытта қызығушылық танытып, жұмыс істей бастадым. Бұл үшін интернет маған көп көмектесті. Төрт ай бойы тарихи тұлға - Абайды жасаумен айналыстым. Шапаны мен барлық киімін тігінші-реставраторларға тапсырыс бойынша тіктірдім, - деді мүсінші Айдос Есмағамбетов. 

Мүсінші қазақ ойшылының бейнесін силиконнан жасаған, өйткені бұл материал балауызға қарағанда шектен тыс және тез өзгеретін температурада өз қасиетін сақтайды.

Қазақстандық гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады


 

Абай Құнанбаевтың мүсіні ұлы ойшыл және ақынның 175 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында жасалған. Бұл жобаның басты мақсаты - біздің жастарға, қоғамда, шетелде ұлы есімдерімізді кеңінен дәріптеу, - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева. 

Қазақстандық гиперреалист Абай Құнанбаевтың мүсінін жасады


 

Сондай-ақ мүсінші Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің, Барак Обама, Сағадат Нұрмағамбетов, Абылай хан, басқа да тұлғалардың мүсінін жасаған.

Айта кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы елордамызда 2018 жылдан бастап бәсекеге қабілеттілік, прагматизм идеяларын және адамдардың нақты оқиғаларының мысалдары негізінде білім культін насихаттау мақсатында өткізіліп келеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мүсінші Абай атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай, ұлы ақынның мүсінін жасап шығатынын айтып, жұмыс барысымен таныстырған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы