Бас жаңалықтар
Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады
22 Қараша 2020, 22:02 257

Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов вакцинаның тағы бір үлгісін, тыныс алу жолдарына, яғни мұрнына салды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бүгін зертханалық жануарларды тағы бір иммундау үшін COVID-19-ға қарсы (нанобөлшектерге негізделген интраназальды) NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгілерін дайындадық. Күтпеген жерден вакцинаның қалдықтарын өзіме егуді шештім, босқа қала ма енді (20 мкг Spike/RBD ақуызы). IgA (секреторлық) класының антиденелерін қалыптастыра ала ма екен, қызық, олардың көпшілікке белгілі IgG-ден айырмашылығы, IgM антиденелері тыныс алу органдарының шырышты қабығындағы COVID-19 вирусын бейтараптандыруға және сол арқылы инфекцияны ары жібермеуге қабілетті, – деп жазды Қайсар Табынов.


Ол қазір клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында тұрған COVID-19-дың инъекциялық (бұлшықетке енгізілетін) вакциналарынан мұндай әсер көп дәрежеде жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, инъекциялық препараттардың айқын артықшылықтары бар.

Инъекциялық және интраназальды вакциналары үйлессе, осы препараттарға қарағанда анағұрлым толық иммундық реакцияға ықпал етуі мүмкін. Тәжірибе нені көрсететінін күтейік, – дейді ол.

Еске салайық, коронавирусқа қарсы екпе алған алғашқы қазақстандық – Қайсар Табынов болған. Оған COVAX-19 атты препарат егілді. Вакцина Аустралияда жасалған және ол қазіргі уақытта клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтіп жатыр.

Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//