Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өмірден озды

17 Қыркүйек 2021, 09:42
15315
Бөлісу:
Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйекке қараған түні ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт қайсарлықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында көптеген жетістікке қол жеткізуге болатынын дәлелдеген еді. Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады, - делінген федерация әлеуметтік желідегі парақшасында.

Альберт Линдер 25 жаста еді.


Өзгелердің жаңалығы