Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 18 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 679 709 адам вакцина салдырды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Мәліметке сәйкес, вакцинациялау бойынша көшті Алматы қаласы бастап тұр. Мұнда вакцинаның бірінші компонентің 131631тұрғын алған.
Облыстар бойынша да Алматы облысы алда. Аймақ тұрғындарының 90 203-і вакцинаның бірінші дозасын алып үлгерген.
Көш соңында Маңғыстау облысы тұр. Мұндағы халықтың тек 12 502-сі вакцинаның бірінші компонентімен егілген.