Бас жаңалықтар
Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинация міндетті бола ма?
07 Сәуiр 2021, 19:16 560

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинация міндетті бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл сұраққа бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілуде. Бұл ҚР Ұлттық егу күнтізбесін бекітетін Үкіметтің тиісті қаулысында көрсетілген, - деді Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол вакцинацияның міндеттілігіне қатысты сұраққа жауап берді.

Кодекстің 77-бабына сәйкес кез келген вакцинация тек вакцина алатын пациенттің міндетті ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін атап өткім келеді. Яғни әрқашан бас тартуға болады, - деді спикер.

Ол вакцинация жұқпалы аурулармен күресудің ең жақсы тәсілі екенін атап өтті.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың вакцинаның жаңа түрлері пайда болғаннан кейін таңдау жасай ала ма деген сауалға жауап берген еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...