Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды

30 Шілде 2021, 01:25
3963
Бөлісу:
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда «қоңыр-қызыл» аймақ деген түсінік пайда болды. 

«Қоңыр-қызыл» аймақ – тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде), – делінген құжатта.

Бұған дейін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы