Қазақстанда қолданылып жатқан Sinovac вакцинасы жайлы не білеміз?

1 Маусым 2021, 10:46
13522
Бөлісу:
Қазақстанда қолданылып жатқан Sinovac вакцинасы жайлы не білеміз?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биология ғылымдарының кандидаты, Ұлттық биотехнология орталығының генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі Александр Шустов қытайлық Sinovac вакцинасы жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, Sinovac Қытайда өндіріліп жатқан вакцинаның бірі. Ол классикалық технология бойынша жасалған, инактивті вакцина.

Әлемде қазір 4 инактивті вакцина жасалып жатыр. Оларды сатып алып, қолдана беруге болады. Оның бірі «Sinovac Biotech Ltd» биофармацевтикалық компаниясы шығарып отыр. Сондай-ақ, Үндістан мен біздің Отардағы кәсіпорында да осындай вакцина өндірілуде. Бұлардың барлығы классикалық технология бойынша жасалады және тиімділігі жағынан бірдей десе болады. Инактивті екпенің қорғағыш күші шамамен 80 пайыздай. Осы вакциналардың ішінде ең танымалы Sinovac. Өйткені оны әлем бойынша көп адам салдырды. Білуімше 25 елде қолданып жатыр. Оңтүстік-шығыс Азия, Орталық Латын елдері, яғни Чили, Бразилияда, Оңтүстік Америка, Орталық Америкада, Түркия, Албания және Украинада қолданылып жатыр, - дейді вирусолог.

Сонымен қатар ол Sinovac вакцинасы бірнеше клиникалық зерттеуден өткенін айтты.

Бұл вакцина 11 клиникалық сынақтан жақсы өтіп, құрамы әбден зерттелді, оның артықшылығы да осы. Қазірге дейін әлемде 300 млн адам Sinovac екпесін алған. Жанама әсер кез келген вакцинада болады, мәселен екпе салған жер қызаруы мүмкін дегендей. Оның барлығы уақытша, - дейді Шустов.
Өзгелердің жаңалығы