Қазақстанда қауіпті өнімдердің реестрі енгізіледі

6 Сәуір 2021, 12:39
2554
Бөлісу:
Қазақстанда қауіпті өнімдердің реестрі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты.

1 шілдеден бастап жаңа редакцияда қабылданған «Техникалық реттеу бойынша» заң жобасы күшіне енеді. Бүгін Сауда және интеграция министрлігі 52 нормативтік актіні әзірлеп жатыр. Нормативтік актілер аккредитация жүйесін жетілдіруді қарастырады. Қауіпсіз емес өнімдерді іріктеу тәжірибесі мен өнім туралы пікірлерді алу, нарықты бақылау тетіктерін енгізеді. 2021 жылы еуропалық тәжірибе бойынша қауіпті өнімдердің реестрі енгізіледі. Стандарттардың интернет дүкені іске қосылады. Бүгінде барлық мемлекеттік стандарт ел бойынша тегін жүзеге асырылады, - деді Тайжанов. 

Оның айтуынша, мемлекетаралық стандарттар да ұлттық стандарт сияқты жүзеге асырылады. 

Бұл стандарттар бойынша шешім консенсус аясында шығарылады. Оларға қатысты құқықтық шешімдер бірдей болады. Жыл сайын 200-ден астам партия сертификатталып жатады. Биыл пандемия салдарынан оның саны азайды. Биыл 180 мыңнан астам өнімге сертификат берілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы