Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.
Бүгін басталған «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қару мен оқ-дәрілерді сату заңдылығына, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды қауіпсіз сақтау жағдайларына тексеру жүргізіледі, - деді Ораз.
Нұрділда Ораз қатігездікке үгіттейтін интернет кеңістіктегі топтарға да бақылау жүргізілетінін айтты.
Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін, оның ішінде жастар форумдары мен пабликтерде анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі, - деді ол.
Бұл шаралардың барлығы Қазандағы мектептегі қайғылы оқиғадан кейін жүзеге асырылып жатыр. Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар
тізімі әзірленіп, мектептегі бақылау
күшейтіледі.