Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

6 Наурыз 2021, 09:40
2520
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың Ташкентке іссапары жалғасуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.     

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ресми делегация құрамында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Өзбекстан Республикасына іссапары жалғасуда.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

Іссапар барысында тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты талқылады, бірқатар кездесу мен келіссөздер өткізді, сондай-ақ Ташкент қаласындағы медициналық нысандардың жұмысымен танысты.  

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

Сапардың екінші күні қазақстандық тарап Ұлттық медициналық орталықтың жұмысымен танысып, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Абдухаким Хаджибаевпен кездесті.    

Сапарымыздың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, медициналық білім беру, электрондық денсаулық сақтауды дамыту, фармация және фармацевтика өнеркәсібі және т.б. мәселелерді талқылау, әріптестікті нағайтудағы перспективаларды айқындау, медициналық және фармацевтикалық ұйымдарды аралау, - деді Цой.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

Қазақстандық делегация Қазақстан-Өзбекстан арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті және байланысты нығайтуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Үкіметіне, Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек ретінде медициналық бұйымдар жібергені үшін алғыс білдірді.    

Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша тараптар денсаулық сақтау саласындағы түйіткілдерді бірігіп шешуге, стратегиялық әріптестік негізінде практикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытуға келісті.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

Екі министрліктің басшылары денсаулық сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен келісімнің маңыздылығын құптады және 2020 жылғы 2 қарашада Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлерінің орынбасарлары қабылдаған “Жол картасын” іске асыру жағы сөз болды. “Жол картасы” аясында Шымкентте дәрілік заттар мен гигиеналық құралдар шығаратын өндіріс орнын салу, Өзбекстан аумағында дәрілік заттарды бірлесіп өндіру, сондай-ақ дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу жоспарланған.

Тараптар эпидемия мен пандемияға қарсы шұғыл әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау бойынша бірлескен тиімді шаралар әзірлеуге уағдаласты. Жоғары технологиялық көмек көрсету, вакциналық профилактика, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, ақпараттық технологияларды енгізу ісін жолға қою, фармация, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібінде кооперация құру, МӘМС бойынша қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласындағы өзге де перспективалар талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы