Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстері желтоқсанда ашылады
12 Қараша 2021, 10:19 68

Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстері желтоқсанда ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Boeing A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...