Қазақстан 3 000 еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі

19 Желтоқсан 2020, 15:00
2111
Бөлісу:
Қазақстан 3 000 еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде көрсетті.

Қазақстан 3 000 еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі


 

Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады.

Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады, - деді Мамин. 

Қазақстан 3 000 еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі

Премьер-министр вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауытты 2021 жылы наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндірістің қуаты жылына 60 млн дозаны құрайды.

Қазақстан 3 000 еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі


 

Үкімет басшысы иммунобиологиялық дәрілік препараттардың, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың отандық өндірісін қамтамасыз ету үшін БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Премьер-министр ҒЗИ ғылыми қызметкерлеріне арналған 180 пәтерлік үш үйдің құрылыс алаңына барды. 60 пәтерлік алғашқы тұрғын үй 2021 жылы қаңтар айында пайдалануға беріледі.

Қазақстан 3 000 еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі


 

Өзгелердің жаңалығы