Қазақ елі үшін Алаш идеясынан артық идея, ұстаным жоқ – Перуашев

25 Қараша 2020, 11:48
1940
Бөлісу:
Қазақ елі үшін Алаш идеясынан артық идея, ұстаным  жоқ – Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен «Оян, қазақ!» атты онлайн конференциясы барысында партия төрағасы Азат Перуашев осылай деді.

Бүгін біз белгілі тұлға, «Алаш» қозғалысының рухани көсемдерінің бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына байланысты конференция өткізіп отырмыз. Биыл атаулы шараларға толы жыл. Биыл Қазақ автономиялық республикасының құрылғанына 100 жыл. Міржақып Дулатұлы «Алаш» қозғалысы және Алашордада да ерекше рөл ойнаған тұлға. Бұған дәлел – 1910 жылы қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысы. Ал, 1909 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» кітабы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының манифесіне айналған құжат, - деді ол.

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы Алаш ұстанымдарына, ұлттық идеясына ерекше назар аударып отырғанын тілге тиек етті.

Жақында ғана партиямыздың құрылтайында қабылдаған саяси бағдарламасында да біз Тәуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясы ұғымдарына ерекше бап арнадық. Қазақ елі үшін Алаш идеясынан артық идея, ұстаным  жоқ. Біз Алаш көсемдері, оның ішінде Міржақып Дулатұлы сияқты азаматтардың тарихи рөліне, олардың еңбектеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар легін өткізіп жатырмыз, - деді партия төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы