Қайраңдап қалған жүк кемесі 150 кеменің қозғалысын шектеді

25 Наурыз 2021, 17:30
2069
Бөлісу:
Қайраңдап қалған жүк кемесі 150 кеменің қозғалысын шектеді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 наурыз күні Суэц каналында қайраңға құлаған Ever Given контейнер тасығыш кемесі бір тәуліктен астам уақыт бойы 150-ден астам кеменің қозғалысына кедергі келтірді. Бұл туралы «Интерфакс» халықаралық Кемелерді орналастыру жүйесінің (AIS) мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Контейнер тасығыш екі бағыттағы қозғалысты тоқтатып, каналға көлденеңінен тұрып қалған.

Қазіргі уақытта экскаваторлар каналдың жағасында тұрып қалған кеменің тұмсығындағы дөңес жерді қазып алуға тырысуда.

GAS логистикалық компаниясының ақпаратына сәйкес, Ever Given 23 наурыз, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07.40-та Қызыл теңізден каналға келгеннен кейін көп ұзамай қайраңға тұрып қалған. Оған ауа райының қолайсыздығы, нақтырақ айтқанда, Мысырдағы шаңды дауылдан көріну дәрежесінің төмендігі себеп болған. 

Сыйымдылығы 224 мың тонна, ені 59 метр және ұзындығы 400 метр болатын контейнер тасығыш кеме небәрі бір тәулік ішінде кемінде 100 кеменің, оның ішінде мұнай танкерлерінің қозғалысына тосқауыл қойды және олардың саны сәт санап өсуде деп жазады Bloomberg. Агенттіктің мәліметінше, кемені қайраңнан шығару операциясы тағы екі күнге созылады. 

Ever Given контейнер тасығыш кемесі - өз класындағы ең ірі су көліктерінің бірі. Ол бір уақытта 20 мың контейнер тасуға қауқарлы.

Өзгелердің жаңалығы