Каспий таязып барады

21 Қараша 2021, 16:40
2652
Бөлісу:
Каспий таязып барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір жылда Каспий теңізінің деңгейі 1,4 метрге төмендеді.

«Қазгидромет» мамандары 2021 жылдың 18-23 қарашасы аралығында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің деңгейі қандай болатынын болжады.

Осылайша, Солтүстік Каспийдің орташа деңгейі шамамен -28,34 метрді құрайды деп күтілуде, ауытқуы -28,04-тен 28,65 метрге дейін.

Орта Каспийдің орташа деңгейі 28,50 метрді құрайды, ауытқуы -28,06-дан 29,01 метрге дейін.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Кендірлі курорттық аймағында Қазақ шығанағындағы квадрокоптерден теңіздің тайыздығын анық көрсету үшін суретке түсірді.

Германия мен Голландия ғалымдары ғасыр соңына қарай Каспий теңізінің деңгейі 9-18 метрге төмендеуі мүмкін деп есептейді, - дейді Азамат Сәрсенбаев.


Өзгелердің жаңалығы