Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады

6 Сәуір 2020, 17:30
4333
Бөлісу:
Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бекітілген бағасынан асырып сатқандарға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты.

Бұған дейін республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің 9 түріне шекті баға бекітілгені белгілі.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда күріштің шекті бағасы - 310 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұнының 1 келісі -  211, қарақұмық – 209, бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан - 80 теңгеден аспау керек, рожки – 209 теңге, қой еті – 2169, жұмыртқаның 10 данасы – 367, күнбағыс майының 1 литрі – 434, тұз - 59 теңге болып бекітілген.

Алматы аумағындағы ірі және шағын дүкендерде көрсетілген осы тауарлардың бағасынан асырып сатуға рұқсат етілмейді. Ол үшін Алматы әкімі қаладағы аудандық әкімдіктерге бағаны бақылау бойынша тапсырма берді. Бүгін бұл мәселе бойынша комиссия құрылды. Оның қатарына заңгер, полиция, кәсіпкерлік бөлінімінің мамандары және аудандық кірістер департаментінің өкілдері еніп отыр. Олар күнделікті қаладағы азық-түлік дүкендеріне барып, бағаларды бақылап отырады, - дейді Еркебұлан Оразалин. 
WhatsApp Image 2020-04-06 at 17.29.41.jpeg

Сонымен қатар, ол комиссия мүшелері кеше қаладағы ірі супермаркеттерге барып, бекітілген 9 тауар түрі бойынша бағаны асырмау жөнінде ескерту жасағанын айтты. 

Егер мобильді топ заң бұзушылықты анықтаса, сол жерде хаттама толтырып, бұл материал аудандық әкімдікке жіберіледі. Ондай жағдайда 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер кәсіпкер бұл айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болса, 50 пайыз жеңілдік қарастырылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы