Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы Қармақшы ауданында төрт түліктің саны 7 пайызға өсті. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.
Ауданда мүйізді ірі қара - 4,7 пайызға, қой - 7,5 пайызға, ешкі - 6,2 пайызға, жылқы - 9 пайызға, түйе - 6,6 пайызға, құс 9,5 пайызға артқан.
Соңғы жылдары ауданда мал шаруашылығында өсім байқалып келеді. Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 388 мал сатып алынды. Сонымен бірге, «Еңбек» бағдарламалары аясында және «Микро бизнес Қызылорда» несие серіктестігі арқылы 14 жоба несиелендірілді. Оған 167 бас мүйізді ірі қара, 63 бас жылқы алынды, - деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.