Кардиолог: Коронавирус жүрегі ауыратындар үшін қауіпті

9 Сәуір 2020, 11:12
2275
Бөлісу:
Кардиолог: Коронавирус жүрегі ауыратындар үшін қауіпті

Алматы, BAQ.KZ.   Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты кардиология кафедрасының доценті Күлзида Қошумбаева коронавирус жүрек-қан тамыры ауруы бар науқастар үшін қауіпті екенін айтады.

COVID-19-ға шалдыққан пациенттердің 25%-дан 50%-ға дейін астарлас аурулары бар. Жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар және қант диабеті сияқты патологиялары бар коморбидті науқастар үшін корнавирус қауіпті.

Жүрегі ауыратындар коронавирусқа шалдықпас үшін қарапайым алдын алу шаралары мен дәрігердің ұсыныстарын ұстану керек. Бұл орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, медицина қызметкерлері тарапынан ұйғарылған карантиндік шаралардың сақталуы, яғни адамдармен байланысты айтарлықтай шектеу, үйде болу, адамдар көп жиналатын орындарға шықпау, әртүрлі көлікпен жүрмеу, немерелердің ата-әжелерімен байланысын уақытша шектеу, өйткені балалар асимптоматикалық вирус тасымалдаушылары болуы мүмкін,- дейді Күлзида Қошумбаева.

Дәрігерлер қоғамдық орындарда басқа адамдарға қатысты (1,0 - 1,5 метрден астам) қауіпсіз қашықтықты сақтау керектігін, медициналық маска киіп, қол алысудан бас тартып, бетке, көзге, мұрынға және ауызға қол тигізбеуді, мүмкіндігінше қолды жиі жуып, сабын және құрамында спирт бар дезинфекциялық сұйықтықты қолдануға кеңес береді.
Пандемия уақытша екенін сезініп, үрейге бой алдырмай, ақыл-парасатыңызды сақтаңыз. Коронавирус инфекциясына шалдыққан жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттердің 90% -ы сауығып кеткенін айта кету керек. Ыстық ванналар мен моншалар COVID-19 - дан қорғамайды, керісінше жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар үшін қауіпті болуы мүмкін. Бұл пікірді  коронавирус инфекциясын алкогольмен "емдеу" әрекетіне де қатысты айтуға болады,-дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы