Карантиндік жеңілдік. Білім беру топтарындағы адам саны 5-тен 15 адамға ұлғайтылды

18 Қыркүйек 2020, 17:41
1553
Бөлісу:
Карантиндік жеңілдік. Білім беру топтарындағы адам саны 5-тен 15 адамға ұлғайтылды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

16 қыркүйекте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес тиісті жеңілдіктер енгізілді. Балалар кабинеттерінде, түзету орталықтарында білім беру топтары 5-тен 15 адамға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінде қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысанында болуы тиіс. Бұрын бұл көрсеткіш 80 пайыз еді, - деді ол.

Роза Қожапова ашық ауада және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын орын санымен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы