Карантин: Қай елді мекен тұрғындары елордаға кіре алады

18 Наурыз 2020, 22:02
2472
Бөлісу:
Карантин: Қай елді мекен тұрғындары елордаға кіре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу шаралары күшейтілді. 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. 

Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімдігі Шұбар ауылының ауданында блокпост орнатты. 

Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендерінің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Оларға жұмыс орнынан анықтама қағаз немесе мекенжай тіркелімін растайтын құжат қажет. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекерасына енгізілді - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Блокпостарда бақылау аймақтары, палаткалар, тамақ қабылдау пункттері және қызмет көрсету пункттері орнатылады. 

19 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап елордада карантин режимі енгізіледі. Қалада жедел штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған кезде іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Азаматтарды ретсіз үйден шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз - дейді әкімдік өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы