Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BAQ.KZ фотографы карантин кезіндегі елордадан фоторепортаж әзірледі. Тұрғынсыз қаланы назарларыңызға ұсынамыз.
Тек қана Қазақстан емес, бүкіл әлем пандемияның тоқтауын күтіп, бос қалған театрлар мен концерттерде, спорттық шараларда басқосуды асыға күтуде.
Төтенше жағдайға байланысты елордада да көшедегі адамдар саны азайып, қала бос қалды.
Естеріңізде болса, коронавирусқа байланысты елімізде 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін елордада ғана емес, еліміздің барлық аймағында түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда.
28 наурыздан бастап астана маңына қатынайтын express автобустар тоқтатылды.
Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан 6 сәуірге дейін "жұмыссыз апта" деп жарияланды.
Атап айтқанда, барлық ұйымның (меншік нысанына қарамастан) қызметі, қоғамдық көліктің қозғалысы, кейбір құрылыс компанияларының қызметі тоқтатылды.
Қоғамдық орындардың – саябақтар, шағын бақтар, жағалаулар, ойын алаңдарының жұмысы тоқтады.
Көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан дүкендер сағат 10:00 бастап 20:00 дейінгі жұмыс кестесімен жұмыс істейді.
Дүкен мен дәріханаға келушілерге кезекке 1 метр қашықтықпен тұру тәртібі енгізілді.
Маска киген әскерилер мен полиция қызметкерлері елордадағы ЭКСПО маңындағы көшелерді бақылауда ұстап жүр.
Республика даңғылы басталар жердегі көпірден өтіп бара жатқан қала тұрғыны.
Астана "Арбатына" кіруге тыйым салынды. Адамдар өтіп кетпес үшін блоктар қойылған.
Арбат.
Жан-жағы қоршалған Кенесары хан ескерткіші.
Суретте түсірілімде жүрген әріптестеріміз.
Nur-Sultan. Хан Шатырға қарама-қарсы тұрған жазу. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының жиі суретке түсетін жері.
Қаңырап қалған "Хан Шатыр" аялдамасы.
2017 жылы ЭКСПО көрмесі кезі мен қазіргі кезді мүлде салыстыруға келмейді.
"Самал" шағын ауданындағы жерасты жолынан өтіп бара жатқан астаналық.
Бағдаршамның жасыл түсі жанды. Өтетін біреу бар ма?
Қаланың оң жағалауы. Кенесары көшесі маңайы.
Nur-Sultan – heart of the great steppe (Нұр-Сұлтан – ұлы дала жүрегі).
Қаланы вирустан тазалаушылар. Дезинфекцияны осы киімдегі қызметкерлер жасайды.
Нұр-Сұлтан көшелерінің бірі. 31 наурыз 2020 жыл.
Астаналық саябақ. Айтпақшы, елордада күн жылынып, қар еріп жатыр.
Бос қалған кафе.
Қозғалысы жоқ Достық көшесі.
"Атамекен" этно-мемориалдық кешені аумағында орнатыған Қазақстандағы ең үлкен ту.