Қаңтарда еліміздегі сырқаттанушылықтың орташа үрдісі сақталды – Ажар Ғиният

3 Ақпан 2021, 17:13
1559
Бөлісу:
Қаңтарда еліміздегі сырқаттанушылықтың орташа үрдісі сақталды – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларының қалай іске асырылып жатқаны жайлы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Жалпы республика бойынша өткен жылдың қараша айынан бастап КВИ сырқаттанушылықтың өсуі желтоқсанда қарашамен салыстырғанда  1,2 есе байқалды. Орташа өсу үрдісі қаңтарда да сақталды, бұл кезеңде желтоқсанмен салыстырғанда ауру 1,4 есе өсті.

Сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуі Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында байқалады. 2021 жылдың 3 ақпандағы жағдайы бойынша ҚР-да КВИ оң нәтижесімен 190 359 науқас, оның ішінде 10 840 бала және КВИ- бойынша 48 005 жағдай тіркелді, - деді ол. 
Вице-министр брифинг барысында қазіргі таңда қанша науқас ем-дом шараларын қабылдап жатқанына да тоқталды.

Қазіргі уақытта 27 900 пациент емделуді жалғастыруда, оның ішінде амбулаториялық емделуде 22 112  адам, ал станционарлық емделуде 5788 науқас жатыр. Коронавирустық инфекцияны емдеу үшін стационарлар 20 990 төсек-орынмен қамтылған. Республика бойынша инфекциялық кереуеттердің қамтылу көрсеткіші 28%-ды құрайды. Инфекциялық стационарларда реанимациялық көмек көрсету үшін 1884 орын дайын тұр. Қажет болған жағдайда қосымша 31 мыңға жуық төсек-орын ашу мүмкіндігіміз бар, - деді Ғиният.

  Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА
Өзгелердің жаңалығы