Қант тапшылығы 240 мың тоннаны құрап отыр - Омаров

2 Наурыз 2021, 09:15
3876
Бөлісу:
Қант тапшылығы 240 мың тоннаны құрап отыр - Омаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Қазіргі уақытта отанымызда өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайды. Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант шығаратын жаңа қант зауытын салу есебінен болжанып отыр. Қосымша 175 мың тонна қант өндіру есебінен қант тапшылығын шешіп, 80% қамтамасыз ету көлеміне шығу жоспарлануда, - деді Сапархан Омаров. 

Сондай-ақ ол атап өткендей, қазіргі уақытта балық өнімдерімен қамтамасыз ету 60,8%-ды құрайды. 

Ішкі нарықты молықтыру үшін өндіру қуаты 13,5 мың тонна балық өндіретін 8 жоба іске қосылатын болады. Бұл қамтамасыз ету көлемін 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы республика бойынша бес жыл ішінде  380 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның 65%-дан астамын импортты алмастыру аясындағы жобалар құрайды, - деді Омаров.

Министр бұл тізбеге агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін ұлғайту, оның ішінде бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар бойынша, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша бірқатар жоба енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы